Legal, safety and environmental considerations

8 Пайдаланушы нұсқаулығы
Пернетақтаны тазалау
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. Пернелердің жабысып қалуын болдырмау
және пернелер арасында тұрып қалуы мүмкін шаң, талшықтар мен бөлшектерді алып тастау үшін
пернетақтаны үнемі тазалап тұрыңыз. Пернелердің жаны мен астында орналасқан шаңды
тазалау шін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Компьютерді алып, саяхат жасауға арналған ескертпе
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту
үшін компьютерді керек-жарақтарға арналып сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы
қоспаңыз.
Қытайда қолданылатын сақтық туралы ескертпелер
Қытай: Биіктік туралы ескертпе
5000 метрден астам биіктікте сертификатталмаған өнімдерді пайдалану туралы ескерту
Қытай: Тропикалық климатта пайдалану туралы ескертпе
Тропикалық климатта сертификатталмаған өнімдерді пайдалану туралы ескерту
Ноутбук, үстелді компьютер, жұқа компьютер немесе дербес жұмыс
компьютеріне арналған экологиялық ескертпелер
Бұл бөлім мемлекеттік және аймақтық қоршаған ортаны қорғау туралы хабарламалар мен сәйкестік
туралы ақпаратты қамтиды. Хабарламалардың кейбірі бұл өнімге қатысты қолданылмауы мүмкін.
Электрондық жабдық пен батареяны қайта өңдеу
HP компаниясы пайдаланушыларға қолданылған электрондық жабдықтар, НР картридждері не қайта
зарядталатын батареяларды тастауға кеңес береді. Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша
ақпаратты http://www.hp.com/recycle мекенжайындағы HP веб-торабынан қараңыз.
Пайдаланушылар тарапынан қалдық жабдықты тастау
Бұл таңба өнімді басқа үй қоқысымен тастауға болмайтындығын білдіреді. Оның орнына қалдық
жабдықты пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтарды өңдеу үшін жинайтын арнайы
орынға тапсыру арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауыңыз керек. Толық ақпарат
алу үшін тұрмыстық қалдықтарды жою қызметімен хабарласыңыз немесе http://www.hp.com/recycle
веб-торабына өтіңіз.
Химиялық заттар
HP компаниясы REACH (заңнама ЕС No 1907/2006, Еуропалық одақ пен ЕО кеңесі қабылдаған)
сияқты құқықтық талаптарға сәкес келетін өнімдерде қамтылатын химиялық заттар туралы
пайдаланушыларға хабарлау туралы міндеттемені мойнына алады. Өнімге арналған химиялық
заттар туралы ақпарат есебін http://www.hp.com/go/reach веб-торабынан табуға болады.
仅适用于海拔 2000m 以下地区安全使用
немесе
仅适用于海拔 2000 米以下地区安全使用
仅适用于非热带气候条件下安全使用
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 8 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM