product management
Анонимді пайдалану ақпаратты сақтау орны
Осы принтермен бірге қолданылған HP картридждарында принтердің жұмысына көмектесетін
жад микросхемасы болады. Қосымша, бұл жад микросхемасы келесі мәліметтерді қамтуы
мүмкін принтердің қолданылуы туралы ақпараттың шектелген жинағын жинақтайды:
картридждің алғашқы орнатылған күні, картридждің соңғы қолданылған күні, картриджді
қолданып басып шығарылған беттердің саны, бет аумағы, басып шығару жиілігі, қолданылған
басып шығару күйлері, туындауы мүмкін басып шығару қателері және принтер үлгісі.
Бұл мəліметтер HP дизайнындағы келешек принтерлерге тұтынушылардың басып шығару
қажеттіліктерін сәйкестендіру үшін көмектеседі. Картридж жады микросхемасынан жинақталған
деректер тұтынушыны немесе картриджды не принтерді пайдаланушыны анықтау үшін
қолданылуы мүмкін мәліметтерді қамтымайды.
HP компаниясы HP компаниясына тегін қайтарылған және қайта қолдану бағдарламасы үшін
кері берілген картридждардан жад микросхемасының үлгісін жинайды (HP әлемінің
серіктестері:
www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/recycle/). Осы үлгіден алынған жад
микросхемалары келешек НР принтерлерін жетілдіру мақсатында оқылады және зерттеледі.
Осы картриджды қайта өңдеуге көмектесетін HP серіктестері де осы деректерді қолдана
алады.
Картриджды өңдейтін кез келген үшінші тараптағы серіктес те жад микросхемасындағы
жасырын мəліметтерге қол жеткізуі мүмкін. Осы мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат бергіңіз
келмесе, микросхеманы жұмыс істемейтін етіп көрсетуіңізге болады. Дегенмен, жад
микросхемасын жұмыс істемейтін етіп көрсеткеннен кейін картриджды HP принтерінде қолдану
мүмкін болмайды.
Осы жасырын мəліметтерді беру туралы сенімді болмасаңыз, жад микросхемасының мүмкіндігін
принтерді қолдану мәліметтерін жинай алмайтын етіп ажырату арқылы осы мәліметтерді қол
жетімсіз етуге болады.
Пайдалану туралы ақпарат функциясын ажырату
1. Принтер дисплейінің Главная (Басты) экранынан оң жақта орналасқан түймешіктер арқылы
айналдырып, Параметрлер б
өлімін таңдаңыз.
2. Деректерді сақтау бөлімін таңдау үшін төмен көрсеткісі бар түймешікті пайдаланып, OK
бөлімін басыңыз.
3. Өшіру бөлімін таңдау үшін төмен көрсеткісі бар түймешікті пайдаланыңыз, содан соң
функцияны өшіру үшін OK бөлімін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдалану туралы ақпарат функциясын қайта қосу үшін зауыттық əдепкі
параметрлерді қалпына келтіріңіз..
ЕСКЕРІМ: Жад микросхемасының принтерді пайдалану туралы ақпаратты жинау мүмкіндігін
өшірсеңіз, НР принтеріндегі картриджді пайдалануды жалғастыра аласыз.
KKWW Анонимді пайдалану ақпаратты сақтау орны
93