product management

Сия картриджі мəселесін шешу
Бірінші, картриджды алып тастаңыз және оны қайта салыңыз. Бұл жұмыс істемесе, картридж
контактілерін тазалаңыз. Егер мәселе әлі шешілмесе, қосымша ақпарат алу үшін
Картридждарды ауыстыру 49-бетте бөлімін қараңыз.
Сия картриджының түйіспелерін тазалау
ЕСКЕРТУ: Тазалау процесі бірнеше минутты ғана алады. Сия картридждарының принтерге
мүмкіндігінше қайта орнатылғанына көз жеткізіңіз. Сия картридждарын принтердің сыртында 30
минуттан көп уақыт бойы қалдыру ұсынылмайды. Бұл басып шығару механизміне немесе сия
картридждарына зақым келтіруі мүмкін.
1. Қуат қосулы тұрғанын тексеріңіз.
2. Картридждың кіру есігін ашыңыз.
Принтердің жылжымасы принтердің оң жақ шетіне жылжығанша күте тұрыңыз.
3. Ақау хабарында көрсетілген картриджды шығарыңыз.
4. Сия картриджының астын жоғары қаратып екі жағынан ұстаңыз жəне сия картриджының
электр түйіспелерін табыңыз. Картриджде орналасқан алтын түсті металдан жасалған
кішкентай тік бұрыштар.
KKWW Сия картриджі мəселесін шешу
83