product management

Дəстүрлі сымсыз қосылым (маршрутизатор қажет)
HP ENVY 4500 series принтерін біріктірілген сымсыз WLAN 802.11 желісіне қосу үшін келесі
әрекетті орындау керек:
Сымсыз маршрутизаторды немесе кіру нүктесін қамтитын сымсыз 802.11b/g/n желісі болу
керек.
ЕСКЕРІМ: HP ENVY 4500 series құрылғысы 2,4 Гц пайдаланатын қосылымдарға ғана
қолдау көрсетеді.
Сымсыз желіге қолдау көрсететін компьютер немесе ноутбук немесе желілік интерфей
картасы (NIC). Компьютер HP ENVY 4500 seriesорнатқыңыз келетін сымсыз желіге
қосылуы қажет.
Желі атауы (SSID).
WEP түймесі немесе WPA құпиясөз орамы (қажет болса).
Принтерді желіге қосу үшін
1. Принтер басқару тақтасынан Сымсыз түймешігін басып, Параметрлер бөлімін таңдаңыз.
2. Сымсыз қосылымды орнату шеберін таңдау үшін бетті айналдырың
ыз, содан соң OK
параметрін басыңыз.
3. Сымсыз қосылымды реттеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Принтердің бағдарламалық құралы құрылғысының ықшам дискісін компьютердегі CD-ROM
жетегіне салыңыз.
5. Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жаңа
принтер қосу
Принтерді компьютерге қоспасаңыз немесе компьютерге үлгісі бірдей басқа принтерді
қосқыңыз келсе, қосылымды орнату үшін Жаңа принтерді қосу функциясын пайдалануға
болады.
ЕСКЕРІМ: Принтердің бағдарламалық құралы құрылғысы бұрыннан орнатылған болса, осы
әдісті пайдаланыңыз.
1. Операциялық жүйеге байланысты келесі əрекеттердің бірін орындаңыз.
Windows 8: Бастау экранында кез келген бос аумаққа тінтуірдің оң жағымен басып,
бағдарлама тақтасындағы Барлық бағдарламалар бөлімін басыңыз.
Windows 7, Windows Vista жəне Windows ХР: Компьютердің жұмыс үстелінен Бастау
түймешігін басып, Барлық бағдарламалар бөлімін таңдап,
HP тармағын таңдаңыз,
содан соң HP ENVY 4500 series бөлімін басыңыз.
2. Принтерді орнату жəне бағдарламалық құрал параметрін таңдаңыз.
3. Жаңа принтер қосу параметрін таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW Дəстүрлі сымсыз қосылым (маршрутизатор қажет)
57