product management
Анықталған сия деңгейлерін тексеру
Картриджды қашан ауыстыру керектігін анықтау үшін сия жабдығының деңгейін оңай тексеруге
болады. Сия жабдығының деңгейі картридждарда қалған сия көлемін анықтап көрсетеді.
Сия деңгейін принтер басқару тақтасынан тексеру үшін
●
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) мәзірінен Сия деңгейлері мəзірін таңдаңыз. Кейін
принтер ағымдағы сия деңгейін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Егер Главная (Басты) экранын көрмесеңіз, Главная (Басты) түймешігін
басыңыз.
Принтердің бағдарламалық құралы бағдарламасынан сия деңгейін тексеру үшін
1. Операциялық жүйеге байланысты Принтердің бағдарламалық құралы бөлімін ашу үшін
келесі əрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8: Пуск (Бастау) экранында экрандағы бос аймақты тінтуірдің оң жағымен
басып, бағдарламалар панеліндегі Все программы (Барлық бағдарламалар)
түймешігін басып, кейін принтер аты бар белгішені басыңыз.
●
Windows 7, Windows Vista жəне Windows XP: Компьютеріңіздегі жұмыс үстелінен Пуск
(Бастау) түймешігін басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) таңдаңыз, HP
түймешігін басыңыз, HP ENVY 4500 series басыңыз жəне HP ENVY 4500 series
басыңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралы бағдарламасында Анықталған сия деңгейі түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қайта толтырылған немесе қайта шығарылған картриджды немесе басқа принтерде
қолданылған картриджды орнатқан болсаңыз, сия көрсеткіші мұқият емес немесе қол жетімсіз
болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде,
ықтимал басып шығару кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын
қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждерді ауыстырудың
қажеті жоқ.
ЕСКЕРІМ: Картридждердегі сия басып шығару барысында əр түрлі əдіспен қолданылады, олар
басып шығаруға құрылғы мен картриджді дайындайтын бастапқы күйді және принтер
қондырмасының таза болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару
механизмінің қызметін қамтиды. Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджде қалып
қояды. Қосымша ақпаратты
www.hp.com/go/inkusage торабынан қараңыз.
46
Бап 6 Сия картридждарымен жұмыс істеу KKWW