product management

Cымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз
www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі HP wireless direct (тікелей сымсыз) қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін
Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы
қосыңыз 61-бетте бөлімін қараңыз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, HP wireless direct (тікелей
сымсыз) пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол
жеткізу нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Envy
4500 series сияқты сымсыз желілер тізімінен HP wireless direct (тікелей сымсыз) атауын
таңдаңыз, мысалы (бұл жердегі ** принтерді анықтау үшін берілген бір мәнді таңбалар
болып табылады).
Егер HP wireless direct (тікелей сымсыз) қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған
кезде құпия сөзді енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару
1. Принтердегі HP wireless direct (тікелей сымсыз) қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін
Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы
қосыңыз 61-бетте бөлімін қараңыз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген
құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, HP wireless direct
(тікелей сымсыз) пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Envy 4500 series
сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен HP wireless direct (тікелей сымсыз) атауын
таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді анықтау үшін берілген бір мәнді таңбалар болып
табылады).
Егер HP wireless direct (тікелей сымсыз) қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған
кезде құпия сөзді енгізіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға
өтіңіз. Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP
22
Бап 3 Басып шығару KKWW