product management

Фотосуретті НР wireless direct (тікелей сымсыз) арқылы
басып шығарыңыз
HP wireless direct (тікелей сымсыз) арқылы компьютерден, смарттелефонынан, планшеттен
немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз—бар сымсыз
желіге қосылмай-ақ.
HP wireless direct (тікелей сымсыз) пайдаланғанда келесі нұсқауларды ескеріңіз:
Компьютеріңіз немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарлама жасақтамасы бар
екенін тексеріңіз:
Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, принтерге ұсынылған принтердің
бағдарламалық жасақтамасы орнатылғанын тексеріңіз.
Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару
бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Мобильді басып шығару туралы қосымша
ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз
www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
Принтерде HP wireless direct (тікелей сымсыз) қосылып тұрғанын тексеріңіз және егер
қажет болса қауіпсіздікті қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Принтерге
маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз 61-бетте бөлімін қараңыз.
Бес компьютер мен мобильді құрылғыға дейін бір НР wireless direct (тікелей сымсыз)
байланысын пайдалана алады.
HP wireless direct (тікелей сымсыз) сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын
компьютерге немесе желіге қосылып тұрғанда пайдаланыла алады.
HP wireless direct (тікелей сымсыз) интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе
принтерді қоса алмайды.
Қосымша ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл уақытта осы веб-сайттар барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
Cымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару
KKWW Фотосуретті НР wireless direct (тікелей сымсыз) арқылы басып шығарыңыз
21