product management
Құжаттарды басып шығару
Қағазды салыңыз
1. Қағаз науасының ашылғанына көз жеткізіңіз.
2. Қағаздың енін түзететін бағыттағыштарды сыртқа қарай сырғытыңыз.
3. Қағазды қағаз науасына қойыңыз. Басып шығарылатын жағы төмен қаратылуы қажет.
4. Қағаз тоқтағанша оны принтердің ішіне
қарай итеріңіз.
5. Қағаз бағыттауыштарын қағаздың шетіне тиетіндей етіп жылжытыңыз.
Құжатты басып шығару
1. Бағдарламалық құралдағы Печать (Басып шығару)түймешігін басыңыз.
2. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар),
Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер
сипаттары), Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
●
Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын
таңдаңыз.
●
Принтерде Бумага/Качество (Қағаз/Сапа) қойындысының Науа бөлімі аймағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен сәйкес қағаз түрін таңдап, содан соң
сәйкес басып шығару сапасын Сапа параметрлері аймағынан таңдаңыз.
●
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы мәзірінен сәйкес қағаз түрін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
5. Сипаттар диалогтық терезесін жабу ү
шін OK түймешігін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Беттің екі жағына да басып шығару үшін
1. Бағдарламалық құралдағы Басып шығару түймешігін басыңыз.
2. Сіздің принтер таңдалғанын тексеріңіз.
14
Бап 3 Басып шығару KKWW










