HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян
тимейді.
2. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
4. Set the Local Administrator Password (Жергілікті әкімші құпия сөзін орнату) деп белгіленген аймақтағы
Username (Пайдаланушы аты) жолына құпия сөзбен байланысты атты енгізіңіз.
5. Құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) жолына енгізіп, Verify Password (Құпия сөзді растау)
жолына қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін, алдымен бұрыннан бар құпия сөзді Old Password
(Ескі құпия сөз) жолына енгізіңіз.
6. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Өнімге кіру
Өнімнің басқару тақтасындағы кейбір мүмкіндіктерді қорғауға болады, сонда рұқсат етілмеген адамдар
оларды пайдалана алмайды. Мүмкіндік қорғалған кезде, оны пайдалана алуыңыз алдында өнім кіруді
ұсынады. Өнімнің басқару тақтасындағы Sign In (Кіру) түймесін басу арқылы шақыруды күтпестен кіруге
болады.
Әдетте өнімге кіретін тіркелгі деректері желіге кіретінмен бірдей болады. Егер қай тіркелгі деректерін
пайдалану керектігі туралы сұрақтарыңыз болса, осы өнімнің желілік әкімшісіне хабарласыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты түймесін басыңыз.
2. Sign In (Кіру) опциясын таңдаңыз.
3. Тіркелгі деректерін енгізу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің қауіпсіздігін сақтау үшін, өнімді пайдалануды аяқтағанда Sign In (Кіру) опциясын
таңдаңыз.
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
Бұл қатты диск аппараттық құралға негізделген шифрлаумен қамтамасыз етеді, сондықтан құпия
деректерді өнімнің жұмыс тиімділігіне ықпал етпей, қауіпсіз етіп сақтауға болады. Бұл қатты диск соңғы
82 5-тарау Өнімді басқару KKWW