HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

а. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін,
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі түймесін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян
тимейді.
2. General (Жалпы) қойындысын басыңыз.
3. Device Information (Құрылғы туралы ақпарат) бетінде әдепкі өнім атауы Device Name (Құрылғы атауы)
өрісінде болады. Осы атты өзгертіп осы өнімді бірегей түрде анықтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
4. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймешігін түртіңіз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
IPv4 мекенжайын, қосалқы желі маскасын және стандартты шлюзді қолмен орнату үшін басқару
тақтасындағы Administrationасқару) мәзірлерін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
Желі параметрлері
Jetdirect мәзірі
TCP/IP
IPV 4 параметрлері
Конфигурация әдісі
3. Manual (Қолмен) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз.
4. Manual Settings (Қолмен енгізілетін параметрлер) мәзірін ашыңыз.
78 5-тарау Өнімді басқару KKWW