HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
OS X жүйесіне арналған HP утилитасымен күрделі параметрлерді
реттеу
Өнім күйін тексеру немесе компьютерден өнімнің параметрлерін көру немесе өзгерту үшін, HP утилитасын
пайдаланыңыз.
HP утилитасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізіндегі желіге қосылғанда
пайдаланыңыз.
HP утилитасын ашыңыз
1. Компьютерде System Preferences (Жүйе теңшелімдері) мәзірін ашып, Print & Fax (Басып шығару және
факс), Print & Scan (Басып шығару және сканерлеу) немесе Printers & Scanners (Принтерлер және
сканерлер) тармағын басыңыз.
2. Өнімді тізімнен таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Опциялар мен жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын басыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP утилитасының құралдар тақтасында мыналар бар:
●
Құрылғылар: HP утилитасы тапқан Mac өнімдерін көрсету немесе жасыру үшін осы түймені басыңыз.
●
Барлық параметрлер: HP утилитасының негізгі көрінісіне оралу үшін осы түймені басыңыз.
●
HP қолдауы: шолғышты ашу және HP қолдау веб-торабына өту үшін осы түймені басыңыз.
●
Жабдықтар: HP SureSupply веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
●
Тіркеу: HP тіркеу веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
●
Өңдеу: HP Planet Partners өңдеу бағдарламасының веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
HP утилитасы All Settings (Барлық параметрлер) тізімінен таңдау арқылы ашылатын беттерден тұрады.
Төмендегі кестеде НР утилитасымен қолдануға болатын тапсырмалар сипатталады.
Нөмірі Сипаттама
Жабдықтар күйі Өнім жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде тапсырыс беру сілтемелерін
қамтамасыз етеді.
Құрылғы туралы ақпарат Ағымдағы таңдалған өнім туралы ақпаратты көрсетеді.
Файлды жүктеу Файлдарды компьютерден өнімге жібереді.
Қаріптерді жүктеу Қаріп файлдарын компьютерден өнімге жібереді.
HP Connected HP Connected веб-торабына кіреді.
Енгізілген бағдарламалық құралды
жаңарту
Өнімге микробағдарламаны жаңарту файлын жібереді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметр тек View (Көрініс) мәзірін ашып, Show Advanced Options
(Кеңейтілген параметрлерді көрсету) элементін таңдағаннан кейін қол жетімді болады.
KKWW OS X жүйесіне арналған HP утилитасымен күрделі параметрлерді реттеу 75