HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша
конфигурациялау
Кіріспе
●
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
●
HP енгізілген веб-серверінің мүмкіндіктері
Басып шығару функцияларын өнімнің басқару тақтасынан емес, компьютерден басқару үшін HP ендірілген
веб
-серверді пайдаланыңыз.
●
Өнім күйі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
●
Өнімнің басқару панелінің мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
●
Өнім мен қамсыздандыру материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері өнім IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-сервері
IPX негізделген өнім байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және пайдалану үшін
интернетке кірудің қажеті жоқ.
Өнім желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
HP енгізілген веб-серверіне (EWS) кіру
1. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, өнімнің
басқару тақтасындағы негізгі экранда желі түймесін түртіңіз.
2. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл өнімнің
басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз. EWS
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security
certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын
көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян тимейді.
HP ендірілген веб-серверін қолдану үшін шолғыш келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
68 5-тарау Өнімді басқару KKWW