HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян
тимейді.
2. Print (Басып шығару) қойындысын ашыңыз.
3. Экранның сол жақ бөлігіндегі Retrieve from USB Setup (USB орнатуынан алу) түймесін басыңыз.
4. Enable Retrieve from USB (USB құрылғысынан алуды қосу) ұяшығына белгі қойыңыз.
5. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
USB құжаттарын басып шығару
1. USB флеш-дискісін оңай ашылатын USB портына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Порттың қақпағы болуы мүмкін. Кейбір өнімдерде қақпақты қайырып ашуға болады.
Басқа өнімдердің қақпағын алып тастау үшін оны тіке тартыңыз.
2. Өнім USB флеш-дискісін анықтайды. Дискіге кіру үшін, OK түймесін түртіңіз немесе басыңыз, не
болмаса, сұралған жағдайда қолжетімді бағдарламалар тізімінен Retrieve from USB (USB
құрылғысынан алу) опциясын таңдаңыз. Retrieve from USB (USB құрылғысынан алу) экраны
ашылады.
3. Басып шығарылатын құжаттың атауын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құжат қалтада болуы мүмкін. Қажетінше қалталарды ашыңыз.
4. Көшірмелер санын дұрыстау үшін, Copies (Көшірмелер) опциясын таңдап, көшірмелер санын өзгерту
үшін пернетақтаны қолданыңыз.
5. Құжатты басып шығару үшін, Бастау түймесін түртіңіз немесе OK түймесін басыңыз.
66 4-тарау Басып шығару KKWW