HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

USB портынан басып шығару
Кіріспе
Бұл өнімде оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Өнім басқару тақтасының қасындағы USB
портына стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
USB порты әдепкіде өшірулі болады. Мүмкіндікті пайдаланудың алдында USB портын қосыңыз. Портты
қосу үшін, мына процедуралардың бірін пайдаланыңыз:
USB портын өнімнің басқару тақтасы мәзірлерінен қосу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басқару
General Settings (Жалпы параметрлер)
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз немесе OK түймесін басыңыз.
USB портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге қосылған өнімдер)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін,
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі түймесін түртіңіз.
KKWW USB портынан басып шығару 65