HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің қызметтік
бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламасын USB басып шығаруды қолдамайды.
AirPrint
Apple AirPrint арқылы iOS 4.2 не одан кейінгі нұсқасы үшін және OS X 10.7 Lion және одан кейінгі нұсқалары
іске қосылған Mac компьютерлерінен тікелей басып шығарылады. iPad,iPhone (3GS немесе одан кейінгі)
немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі) құрылғысында келесі мобильді қолданбалардан
өнімге тікелей басып шығару үшін
AirPrint функциясын қолданыңыз:
Mail (Пошта)
Фотосуреттер
Safari
iBooks
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін өнім Apple құрылғысы сияқты бірдей сымсыз желіге қосылған болуы
керек. AirPrint функциясын пайдалану туралы және қай HP өнімдері AirPrint функциясымен үйлесімді екені
туралы қосымша ақпарат алу үшін осы өнімді қолдау веб-сайтына өтіңіз:
www.hp.com/support/ljM604, www.hp.com/support/ljM605, www.hp.com/support/ljM606
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясы USB қосылымдарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP ішкі басып шығару шешімі сымсыз басып шығару үшін
мобильді құрылғыларға сымсыз желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін
автоматты түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді. Басып шығару шешімі қолдау
көрсетілетін операциялық жүйелерге кіреді, сондықтан драйверлерді орнату немесе бағдарламалық
құралды жүктеу қажет емес.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/support/ljM604, www.hp.com/support/ljM605,
www.hp.com/support/ljM606 мекенжайына өтіңіз.
64 4-тарау Басып шығару KKWW