HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

а. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін,
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі түймесін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян
тимейді.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау және орнату процесін аяқтау үшін, www.hpconnected.com немесе
www.hp.com/go/eprintcenter веб-сайтына өтіңіз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламасы Windows немесе Mac жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбугынан кез келген
HP ePrint қолдайтын өнімде басып шығаруды оңай етеді. Бұл бағдарламалық құрал HP Connected есептік
жазбаңызға тіркелген HP ePrint қосылған өнімдерді табуды оңайлатады. Мақсатты HP принтері кеңседе
немесе дүние жүзіндегі бір орында орналасуы мүмкін.
Windows: бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан Print (Басып шығару) опциясын
ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз. Басып шығару
параметрлерін реттеу үшін Properties (Сипаттар) түймешігін басыңыз.
Mac: бағдарламаны орнатудан кейін File (Файл), Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, одан кейін
PDF жанындағы көрсеткіні (драйвер экранының төменгі сол жағында) таңдаңыз. HP ePrint
бағдарламасын таңдаңыз.
Windows үшін HP ePrint бағдарламасы UPD PostScript® қолдайтын өнімдер үшін желідегі (жергілікті желі
немесе WAN) жергілікті желілікті принтерлерде TCP/IP басып шығаруды қолдайды.
Windows және Mac жүйелерінің екеуі де ePCL қолдайтын жергілікті желіге немесе WAN желісіне қосылған
өнімдерде IPP басып шығаруды қолдайды.
Сондай-ақ, Windows және Mac жүйелерінің екеуі де PDF құжаттарын жалпы басып шығару орындарында
және HP ePrint бағдарламасын пайдаланып электрондық пошта арқылы бұлт көмегімен басып шығаруды
қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
KKWW Мобильді басып шығару 63