HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан,планшеттен,смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы сымсыз басып шығаруға мүмкіндік беретін Mobile және ePrint шешімдерін ұсынады. Толық тізімді
көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting (тек ағылшын тілінде)
сайтына өтіңіз.
●
Wi-Fi Direct және NFC арқылы басып шығару
●
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
●
HP ePrint бағдарламалық құралы
●
AirPrint
●
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct және NFC арқылы басып шығару
HP компаниясы HP Jetdirect NFC және Wireless Accessory функциясын қолдайтын принтерлер үшін Wi-Fi
және NFC (Near Field Communication) арқылы басып шығару мүмкіндігін ұсынады. Бұл қосалқы құралды
құрамына аппараттық құралдарға кіріктіру қалтасы (HIP) кіретін HP LaserJet принтерлері үшін опция
ретінде қолдануға болады.
Мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін сымсыз қосалқы құрал қолданыңыз:
●
Apple AirPrint немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod touch
●
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары
●
HP ePrint бағдарламасын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары
HP Wireless басып шығару мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/wirelessprinting
веб-сайтына өтіңіз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндікті қолдану үшін өнімнің ішкі бағдарламасын жаңарту қажет болуы мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
●
Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
●
Өнімдегі HP Web Services қызметі қосылып тұруы керек және өнім HP Connected немесе HP ePrint
Center қызметіне тіркелген болуы керек.
HP Web Services қызметін қосу және HP Connected немесе HP ePrint Center арқылы тіркеу үшін, мына
процедураны орындаңыз:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
62 4-тарау Басып шығару KKWW