HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

4. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса,PIN кодын немесе
құпия сөзді енгізіңіз.
5. Көшірмелер санын реттеңіз де,тапсырманы басып шығару үшін «Бастау» түймешігін түртіңіз немесе
OK түймешігін басыңыз.
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырманы өнімнің жадына жібергенде,өнім сондай пайдаланушы аты және тапсырма атауы
көрсетілген бұрынғы кез келген тапсырманы ауыстырады. Егер тапсырма сондай пайдаланушы аты және
тапсырма атаумен сақталып қойған болмаса және өнім қосымша орынды қажет етсе,өнім басқа
тапсырмалардың бірін ең ескісінен бастап жоюы мүмкін. Cақталатын тапсырмалар санын өнімнің басқару
тақтасындағы General Settings (Жалпы параметрлер) мәзірінен өзгертуге болады.
Өнімнің жадында сақталған тапсырманы жою шығару үшін,келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы түймешігін түртіңіз.
2. Retrieve from Device Memory (Құрылғы жадынан алу) опциясын таңдаңыз.
3. Тапсырма сақталатын қалтаның атауын таңдаңыз.
4. Тапсырма атауын таңдаңыз да,Delete (Жою) түймешігін түртіңіз.
5. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса,PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіңіз де,Deleteою)
түймесін түртіңіз.
KKWW Кейінірек басып шығару үшін басып шығару тапсырмаларын өнімде сақтау 61