HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Кейінірек басып шығару үшін басып шығару тапсырмаларын
өнімде сақтау
Кіріспе
Төмендегі ақпаратта өнімге сақталған құжаттарды жасау және басып шығару процедуралары берілген.
Бұл мүмкіндік өнімде әдепкі бойынша қосылады.
●
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
●
Сақталған тапсырманы жасау (OS X)
●
Сақталған тапсырманы басып шығару
●
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
Тапсырмаларды кез келген уақытта басып шығара алатындай етіп өнімге сақтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Баспа драйверіңіздің сырт көрінісі осы құжатта көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін,бірақ
қадамдар бірдей.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді принтерлер тізімінен таңдап алып,Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар)
(атауы әртүрлі бағдарламаларда әртүрлі болады) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 Start экранынан өту үшін Devices
(Құрылғылар),Print (Басып шығару) тармағын,одан кейін принтерді таңдаңыз.
58 4-тарау Басып шығару KKWW