HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Басып шығару тапсырмалары (OS X)
Басып шығару жолы (OS X)
Төмендегі процедурада OS X үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді толық көрсету) түймесін басып, басып шығары параметрлерін реттеу үшін
басқа мәзірлерді таңдаңыз
.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат автоматты дуплексері бар өнімдерге қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді толық көрсету) түймесін басып, Layout (Орналасу) мәзірін таңдаңыз.
4. Two-Sided (Екі жақты) ашылмалы тізімінен байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді толық көрсету) түймесін басып, Manual Duplex (Қолмен дуплекстау) мәзірін
таңдаңыз.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) жолын, содан кейін байластыру опциясын
таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
6. Өнімге өтіп, 1-науадағы қандай да бір бос парақтарды алып тастаңыз.
56 4-тарау Басып шығару KKWW