HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

Қапсырма картриджін ауыстыру
Кіріспе
Егер степлер таусылса, тапсырмалар әрі қарай орындалып, степлерге/жинақтағышқа басып шығара
береді, бірақ парақтар степлермен жиналмайды.
Қапсырма картридждерін сатып алу үшін www.hp.com/buy/parts сайтындағы HP Parts Store қызметіне
кіріңіз.
Кесте 3-1 Қапсырма картриджі туралы ақпарат
Нөмірі Сипаттама Бөлшек нөмірі
1 000 қапсырма картриджі Үш қапсырма картриджін қамтамасыз
етеді
Q3216A
Қапсырма картриджін шығару және ауыстыру
1. Степлердің/жинақтағыштың артқы жағындағы
степлерді өнімнің алдына қарай ашылғанша
бұраңыз. Қапсырма картриджінің көк
тұтқасынан ұстап, картриджді степлерден
шығарып алыңыз.
2. Жаңа қапсырма картриджін степлерге салып,
құрылғы орнына қысып қалғанша степлерді
өнімнің артына қарай бұраңыз.
KKWW Қапсырма картриджін ауыстыру 49