HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Тонер картриджін ауыстыру
Кіріспе
Төмендегі ақпаратта өнімнің тонер картридждері туралы мәліметтер берілген және оны ауыстыру туралы
нұсқаулар қамтылған.
●
Тонер картриджі туралы ақпарат
●
Картриджді шығару және ауыстыру
Тонер картриджі туралы ақпарат
Бұл өнім тонер картриджі деңгейінің төмендегенін және қатты төмендегенін көрсетеді. Нақты тонер
картриджінің қалған жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы төмен болғанда ауыстырылатын
баспа картриджін қарастырып қойыңыз.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Өнімнің картридждерін сатып алу немесе картридждің қолжетімділігін тексеру үшін HP SureSupply бөліміне
www.hp.com/go/suresupply сайтынан өтіңіз. Беттің төменгі жағына өтіп, елдің/аймақтың дұрыстығын
тексеріңіз.
Сыйымдылығы Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
HP 81A Black Original LaserJet тонер
картриджі
81A CF281A
HP 81X High Yield Black Original LaserJet
тонер картриджі
ЕСКЕРТПЕ: тек M605 және M606
модельдері
81X CF281X
ЕСКЕРТПЕ: жоғары өнімділікті тонер картридждері бет өнімділігін арттыру үшін бірден аса стандартты
картриджді қамтиды. Толық ақпарат алу үшін www.hp.com/go/learnaboutsupplies бетіне өтіңіз.
Тонер картриджін ауыстырмайынша, оны қаптамасынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджін зақымдап алмау үшін, оны жарықта бірнеше минуттан көп ұстамаңыз. Тонер
картриджін өнімнен ұзақ уақытқа алып тастау керек болса, жасыл бейнелеу барабанын жабыңыз.
Келесі суретте тонер картриджінің құрамдас бөліктері көрсетілген.
44 3-тарау Жабдықтар, керек-жарақтар және бөлшектер KKWW