HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Қосымша реттемелі баспа құралының науасын салу
Кіріспе
Төмендегі ақпарат қосымша реттемелі баспа құралының науасын (бөлшек нөмірі: F2G75A) пайдалану үшін
өнімді конфигурациялау және осы науаға қағазды салу туралы сипаттайды. Реттемелі баспа құралының
науасы 2-науадағы орынға ғана сәйкес келеді және оған 2-науа орнындағы стандартты науаға қарағанда
өлшемі кішірек қағаз сыяды. Онда мына қағаз өлшемдері қолданылады:
●
Мәлімдеме
●
5 x 7
●
5 x 8
●
A5
●
A6
●
B6 (JIS)
●
Жапондық бүктелген ашық хат
●
Қос ашықхат (JIS)
ЕСКЕРТПЕ: степлер реттемелі баспа құралының науасында қолданылатын кез келген қағаз өлшемдері
қолданыла бермейді. Автоматты дуплекстегіш қағаз қысқа жағымен бірінші салынғанда A5 өлшеміне
қолдау көрсетеді, бірақ ол реттемелі баспа құралы науасында қолданылатын басқа өлшемдерге қолдау
көрсетпейді.
Реттемелі баспа құралы науасының өнімін реттеу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Бастапқы экран түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
Науаларды басқару
●
2-науа үлгісі
3. Custom Tray (Реттемелі науа) опциясын таңдаңыз.
4. OK түймесін басыңыз.
34 2-тарау Қағаз науалары KKWW