HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
●
Ауа желдеткіштері немесе ашық терезелер не есіктер сияқты желдетілетін орындардан өнімді әрі
жылжытыңыз.
●
Өнімнің өнім спецификациясынан тыс температураларға не ылғалдыққа шығарылмағанын тексеріңіз.
●
Өнімді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
●
Өнімді тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
●
Өнімнің желдеткіштерін блоктайтын кез келген затты алып тастаңыз. Өнім жоғарғы жағымен қоса
барлық жақтарында жақсы ауа ағынының болуын қажет етеді.
●
Өнімді ауадағы радиоактивті заттардан, шаңнан, будан, майдан немесе өнімнің ішінде қалдық
қалдыратын басқа элементтерден қорғаңыз.
Үшінші қадам: жеке науа туралануын орнату
Нақты науалардан басып шығарғанда мәтін немесе суреттер басып шығарылған бетте ортада болмаса
немесе дұрыс тураланбаса, мына қададарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Басқару
●
General Settings (Жалпы параметрлер)
●
Баспа сапасы
●
Суретті тіркеу
3. Реттелетін науаны таңдаңыз.
4. Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдап, басып шығарылған беттердегі
нұсқауларды орындаңыз.
5. Нәтижелерді тексеру үшін, Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдап, қажет болса,
басқа реттеулерді орындаңыз.
6. Жаңа параметрлерді сақтау үшін Save (Сақтау) түймесін түртіңіз немесе OK түймесін басыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/ljM604,
www.hp.com/support/ljM605, www.hp.com/support/ljM606.
124 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW