HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Артқы шығыс қалтасындағы кептелген қағаздарды тазалау
Артқы шығыс қалтасында кептелген қағаздарды тазалау үшін келесі процедураны пайдаланыңыз.
Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
1. Артқы шығыс қалтасын ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаздың көбісі әлі де өнімнің
ішінде болса, онда оларды жоғарғы қақпақ
жағынан алу жеңілдеу болуы мүмкін.
2. Қағазды екі жағынан ұстап, ақырын тартып
шығарыңыз. Парақта бос тонер болуы мүмкін.
Оны өзіңізге немесе өнімге төгіп алмаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер кептелген қағазды шығару
қиын болса, онда қағазды босатуға қажетті жол
бойы жоғарғы қақпақты ашуға тырысыңыз.
Парақ жыртылып қалса немесе шықпай қойса,
сақтандырғыш аймағынан шығарып көріңіз.
Термобекіткіш аумағындағы кептелген қағаздарды тазалау
Термобекіткіш аумағындағы барлық ықтимал қағаз кептелуінің орындарын тексеру үшін төмендегі
процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті жоюға көмектесетін
анимация көрсетіледі.
Бұл процедураны мына жағдайларда ғана пайдаланыңыз:
●
Қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп қалды және оны үстіңгі қақпақ жағынан немесе артқы шығыс
жағынан шығару мүмкін емес.
●
Қағаздан термобекіткішті тазалау әрекеті кезінде бір парақ қағаз жыртылады.
KKWW Кептелген қағаздарды шығару 107