HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Өнімнің басқару тақтасындағы Trays (Науалар) мәзірін ашыңыз. Науаның қағаз түріне және өлшеміне
дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
1-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
1-науада кептелген қағаздарды тазалау үшін келесі процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда
басқару тақтасында кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
1. Кептелген қағазды өнімнен ақырын тартып
шығарыңыз.
2-науа мен 500 парақтық науаларды кептелген қағаздардан тазалау
2-науа мен 500 парақтық науаларға қатысты барлық жерлерден ықтимал кептелген қағаздарды тексеру
үшін келесі процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті жоюға
көмектесетін анимация көрсетіледі.
KKWW Кептелген қағаздарды шығару 99