HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide
Өнім қағазды алмайды немесе қате алады
Кіріспе
Егер өнім қағазды науадан алмаса немесе қағаздың бірнеше парағын бір уақытта алса, төмендегі
шешімдер проблемаларды шешуге көмектесуі мүмкін.
●
Өнім қағазды тартып алмайды
●
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Құралдың басқару тақтасында қағаз өлшемі мен түрінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
4. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
5. Қағазды қолмен беру сұрауын растау үшін өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақсатында, өнімнің басқару
панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
6. Науаның жоғарғы жағындағы шығыршықтарда дақтар бар. Жылы сумен дымқылданған түксіз
матамен тазартыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазды
желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаз жинағын толығымен алып
тастап, жинақты түзетіп, науаға қағаздың кейбірін қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
6. Басып шығару ортасы ұсынылған спецификацияларда болатынын тексеріңіз.
96 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW