HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - User's Guide

Зауытта орнатылған әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Кіріспе
Өнімнің зауытта орнатылған бастапқы параметрлерін қалпына келтіру үшін төмендегі әдістердің бірін
қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыттық параметрлерді қалпына келтірсеңіз, өнімнің тілі бастапқы қалпына келуі мүмкін.
Зауыттық параметрлерді өнімнің басқару тақтасынан қалпына келтіру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Басты түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Administration (Басқару)
General Settings (Жалпы параметрлер)
Restore Factory Settings (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
3. Растау хабары қайта қосу қызметін аяқтау деректердің жоғалуына әкелуі мүмкіндігін ескертеді.
Процесті аяқтау үшін, Reset (Бастапқы қалпына келтіру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта қосу әрекеті аяқталғаннан кейін өнімді автоматты түрде қайта бастаңыз.
Зауыттық параметрлерді HP ендірілген веб-серверінен қалпына келтіру (тек желіге
қосылған өнімдер)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. 4 жолды басқару тақталары: IP мекенжайын көру үшін, басқару тақтасының дисплейін қараңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақталары: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін,
өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда желі түймесін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s
security certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар)
хабарламасын көрсетсе, Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды
жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын басыңыз.
Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдалса, HP өнімі үшін EWS қызметінде аралау барысында компьютерге зиян
тимейді.
2. General (Жалпы) қойындысын ашыңыз.
92 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW