HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - Guarantee and Legal Guide
Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ: Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі («EULA») — (а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік ететін заңды
тұлға) мен (ә) HP Inc. («HP») арасында сіз бен HP немесе оның жабдықтаушылары арасындағы бөлек
лицензия келісіміне қатысты болмайтын HP өнімімен пайдалануға арналған HP ұйымымен орнатылған
немесе қолжетімді бағдарламалық құрал өнімін пайдалану ережелеріне қатысты жасалған заңды
келісімі. Басқа бағдарламалық құралдың онлайн құжаттамасында EULA келісімі болуы мүмкін.
«Бағдарламалық құрал өнімі» компьютердің бағдарламалық құралы болып табылады және құрамына
байланысты медиа, басып шығарылған материалдар және «онлайн» немесе электрондық құжаттама
кіруі мүмкін
.
Осы EULA келісімінің қосымшасы немесе түзетпесі HP өнімімен жүруі мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН
ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ,
ЖҮКТЕП АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ ӘРЕКЕТТЕРІ ОСЫ EULA ШАРТТАРЫНА БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ
БІЛДІРЕДІ. ЕГЕР ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, СІЗДІҢ БІР ҒАНА МҮМКІНДІГІҢІЗ
— САТЫП АЛҒАН ОРЫННЫҢ ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ САЯСАТЫНА САЙ ӨНІМДІ (ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖӘНЕ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ) 14 КҮН ІШІНДЕ ҚАЙТАРЫП БЕРУ.
1. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ. HP осы EULA келісімінің барлық шарттарымен және жағдайларымен келіскен
жағдайда келесі құқықтарды береді:
а. Пайдалану. Бағдарламалық құрал өнімін жалғыз компьютерде («Компьютеріңіз»)
пайдалануға болады. Егер бағдарламалық құрал өнімі интернет арқылы қамтамасыз етілсе
немесе бірнеше компьютерде пайдалануға лицензия берілсе, бағдарламалық құралды тек
осы компьютерлерде пайдалануға болады. Бағдарламалық құрал өнімінің бөлек
бөлшектерін бірнеше компьютерде пайдалануға бөлуге болмайды. Сізге бағдарламалық
құрал өнімін тарату құқығы берілмейді. Бағдарламалық құрал өнімін пайдалану мақсаттары
үшін компьютердің уақытша жадына (RAM) жүктеуге болады.
ә. Сақтау. Бағдарламалық құрал өнімін жергілікті жадыға немесе HP өнімінің сақтау
құрылғысына көшіруге болады.
б. Көшіру. Көшіру құқығы бағдарламалық құрал өнімінің мұрағаттық немесе сақтық
көшірмесін жасау әрекетін білдіреді және оның әр көшірмесі барлық түпнұсқа
бағдарламалық құралы өнімінің жекеменшік туралы ескертпелерін қамтып, тек сақтық
көшірмесін сақтау мақсатында пайдаланылу керек.
в. Құқықтарды қорғау. HP және оның жеткізушілері осы EULA келісімінде сізге тікелей
берілмеген барлық құқықтарды өздерінде сақтайды.
г. Тегін бағдарлама. Осы EULA келісімінің шарттары мен жағдайларына қарамастан, үшінші
тараптармен («Тегін бағдарламалар») әлеуметтік лицензияға сәйкес қамтамасыз етілетін HP
бағдарламалық құралы өнімінен тұратын өнімнің барлық немесе белгілі бір бөлігіне
дискреттік келісім, орама лицензия немесе электрондық лицензия шарттары пішінінде тегін
бағдарлама сияқты ілеспелі бағдарламалық құрал лицензиясы келісімінің шарттары мен
жағдайларына сәйкес лицензия беріледі. Тегін бағдарлама қолданысы толығымен осындай
лицензия шарттары мен жағдайларына сәйкес басқарылады.
ғ. Қалпына келтіру шешімі. Қатты диск негізіндегі шешім, сыртқы медиа негізіндегі шешім
(мысалы, дискет, CD немесе DVD) немесе балама шешім пішінінде жеткізілетін HP өнімімен
кез келген бағдарламалық құралдың қалпына келтірілген шешімі бастапқыда сатып
алынған HP өнімінің қатты дискісін қалпына келтіруге пайдаланылуы мүмкін. Осындай
KKWW Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі 17