HP LaserJet Enterprise M604, M605, M606 - Guarantee and Legal Guide

HP компаниясының жоғары дәрежелі қорғау кепілдігі:
LaserJet тонер картриджіне шектеулі кепілдік беру туралы
мәлімдемесі
Осы HP баспа картриджіне оның материалдарының және өндірістік ақаулықтарының жоқтығына
кепілдік беріледі.
Осы кепілдікпен (a) қайтадан толтырылған, жаңартылған, қалпына келтірілген немесе тағы басқа
жолмен қолдан жасалған, (b) дұрыс пайдаланбаудан, дұрыс сақтамаудан немесе принтер үшін
жарияланған талаптарға сай келмейтін ортада пайдаланудан шыққан проблемалары болған немесе
(c)
әдеттегідей пайдаланудан соң тозып калған картридждер қамтылмайды.
Кепілдік қызметін алу ушін, өнімді сатып алған жерге қайтарыңыз (проблеманың жазбаша
түсіндірмесімен және қағазға басып шығарылған беттердің үлгілерімен бірге) немесе HP
Тұтынушыларды қолдау қызметімен хабарласыңыз. HP өз ұйғарымы бойынша ақаулы болып шыққан
өнімдерді ауыстырып береді немесе олардың құнын кайтарып береді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР ЖАЛҒЫЗ ДЕП
САНАЛАДЫ ЖӘНЕ ЕШБІР БАСҚА ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ТҮРДЕ БЕРІЛМЕЙДІ. HP КОМПАНИЯСЫ ӘСІРЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАУАРЛЫҚ КҮЙ,
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР МЕН
ШАРТТАРДЫ МОЙЫНДАУДАН БАС ТАРТАДЫ.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ КОСПАҒАНДА, HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ
ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР ҮШІН НЕМЕСЕ ТІКЕЛЕЙ, ЕРЕКШЕ, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА
ЗИЯН (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖІБЕРІП АЛҒАН ПАЙДА НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТТЕР) ҮШІН НЕМЕСЕ БАСҚА ЗИЯН ҮШІН
ОЛАРДЫҢ КЕЛІСІМ-ШАРТТАН, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫНАН НЕМЕСЕ БАСҚА ЖОЛМЕН
ШЫҚҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ.
БҰЛ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА,
БҰЛ ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ,
ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
KKWW HP компаниясының жоғары дәрежелі қорғау кепілдігі: LaserJet тонер картриджіне шектеулі
кепілдік беру туралы мәлімдемесі
13