User's Guide

ЕСКЕРТУ: Пернетақтадан кең пернелерді (бос орын пернесі сияқты) алмаңыз. Егер бұл
пернелер дұрыс алынбаса немесе орнатылмаса, пернетақта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Перне астын мақталы ұшы изопропилмен ылғалданған таяқшамен тазалап алыңыз. Перне
жұмысына қажетті майларды қоса сүртіп тастамаңыз. Бөлшектерін орнына құрғатып
салыңыз.
Қуыстарындағы шаң мен жүнді алу үшін қысқыш қолданыңыз.
Мониторды тазалау
Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану жəне қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Мониторды тазалау үшін монитор экранын тазалайтын арнаулы салфеткалармен немесе
сумен дымқылданған таза матамен сүртіп алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шашқыштар мен аэрозольді экранға тікелей шашпаңызсұйық ішіне еніп
кетсе, бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Еріткіштер немесе тез жалындайтын сұйықтарды мониторды тазалауға қолданбаңыз,
дисплейі мен ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Тінтуірді тазалау
1. Компьютерді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Қолдану жəне қызмет көрсету
нұсқаулығындағы қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
2. Тінтуір қосылып тұрса, суырыңыз.
3. Тінтуірді ылғалданған матамен сүртіп алыңыз.
4. Егер тінтуірдің:
Лазері немесе жарық
диодты шамы болса: Тазалайтын сұйықпен ылғалданған мақталы
таяқшаны қолданып, лазер мен жарықдиодты шамның айналасындағы шаңды сүртіп
алыңыз да соңынан құрғақ мақталы таяқшамен тағы бір рет сүртіңіз. Лазер мен
жарықдиодты шамын тікелей
таяқшамен сүртпеңіз.
Айналдыратын дөңгелегі: Құтыдағы тығыздалған ауаны дөңгелек қуыстарына шашып,
түймелерін басыңыз. Ауаны бір жеріне ұзақ уақыт шашпаңыз.
Айналдыратын допшасы: Допшасын алып тазалаңыз, ұяшығындағы шаңды сүртіп
алыңыз да, құрғ
ақ матамен тағы бір рет сүртіңіз, одан кейін тінтуірдің бөлшектерін
орнына салыңыз.
54
9-тарау Күнделікті күтім