User's Guide
HP Support Assistant (HPSA)
Windows 7 жүйесі бар ерекше жұмыс станцияларында ғана қол жетімді HPSA бағдарламасы
жұмыс станциясы өнімділігін жақсартуға жəне проблемаларды шешуге көмектеседі. HPSA
автоматты жұмыс жүйесінің орындауларын жақсартатын жаңартулар, диагностика, өнім туралы
ақпарат жəне нұсқаулар қамтамасыз етеді. HPSA ба
ғдарламасын бастау > барлық
бағдарламалар > HP көмек жəне қолдау > HP қолдау көмекшісі тармақтарын басу арқылы
табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Support Assistant бағдарламасы Linux немесе Windows 8 жүйесінде қол
жетімді емес.
Онлайн қолдау
Қолдау деректерінің құрамына веб-торапқа негізделген ақаулық жою құралдары, техникалық
білім дереккөздері, драйвер мен патч жүктеулері, желі қауымдастықтары, жəне алдын-ала
ескертулер жіберу қызметтері кіреді.
Келесі веб-тораптарды да қолдануыңызға болады:
●
http://www.hp.com — өнім туралы пайдалы ақпарат
●
http://www.hp.com/support/workstation_manuals — жаңартылған ақпараттарды желі арқылы
қамтамасыз ету
●
http://www.hp.com/go/workstationsupport — жұмыс станцияларына техникалық қолдау
көрсету
●
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html — əлем бойынша қолдау көрсету:
техникалық маманмен чат арқылы кеңесу, эл.пошта арқылы көмек көрсету, көмек
орталықтарының нөмірін немесе қызмет орталығын табу
●
http://www.hp.com/support/workstation_swdrivers — жұмыс станцияларына арналған
бағдарламалар мен драйверлер
Ақаулықты жою
Жүйе ақаулықтарын жоюға көмек ретінде HP компаниясы Бизнес қолдау орталығын (BSC)
ұсынады. BSC - құралдарды желі арқылы таңдау порталы. Бұл порталды қолданып
ақаулықтарды жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1.
http://www.hp.com/go/workstationsupportторабын ашыңыз.
2. Сол жақтағы Бизнес қолдау орталығы мəзірінен ақаулықты жою тармағын таңдаңыз.
3. Өнімді таңдаңыз (ортасындағы терезе) тармағынан жұмыс бекеттері (жеке компьютер
бөлімінде) тармағын таңдаңыз.
4. Өнімді таң
даңыз тармағынан қажетті серия мен үлгісін жəне ақаулықты таңдауды
жалғастырыңыз.
Үздіксіз қолдау жəне белсенді чат
HPSA – веб-торапқа негізделген қолдау құралдарының жинағы, олар арқылы компьютерді
қолдану, сақтау жəне басу барысында орын алған проблемаларды жоюды жылдамдатуға
болады.
Белсенді чат арқылы HP компаниясына веб арқылы қолдау өтінішін жіберуге болады. Қолдау
өтінішін жіберген соң, Белсенді чат қызметі
компьютер туралы ақпаратты жинап, желі арқылы
48
8-тарау Диагностика жəне жеңіл ақаулықтарды жою