User's Guide

6. «Ақаулықтарды жою» мəзірінен Refresh your PC (Компьютерді жаңарту) опциясын
операциялық жүйені түзету үшін немесе Reset your PC (Компьютерді қалпына келтіру)
опциясын операциялық жүйені толық қайта орнату үшін таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: F11 жүйені қалпына келтіру басталмай тұрса, операциялық жүйеңіз бен
бағдарламаларыңызды Windows 8 Restore Media (бөлек сатып алынады) көмегімен
қалпына келтіріңіз. Қосымша ақпарат үшін,
HP Windows 8 қалпына келтіру ақпарат
тасушысын пайдалану (бөлек сатып алынады) (38-бет) қараңыз.
HP Windows 8 қалпына келтіру ақпарат тасушысын пайдалану (бөлек сатып
алынады)
HP Windows 8 операциялық жүйесі ақпарат тасушысына тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/
support, еліңіз бен аймағыңызды таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ақпарат тасушыға
қоңырау арқылы қолдау қызметі арқылы да тапсырыс бере аласыз.
ЕСКЕРТУ: HP Windows 8 операциялық жүйесі ақпарат тасушысын пайдалану қатты дисктегі
файлдарды толығымен жояды жəне қатты дисктің пішімін өзгертеді. Сіздің компьютеріңізде
құрылған жəне кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған
кезде, қалпына келтіру процесі операциялық жүйені, сонымен
қатар драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне қызметтік бағдарламаларды қалпына келтіруге көмектеседі.
HP Windows 8 ақпарат тасушысы көмегімен қалпына келтіруді бастау:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минут алады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдарды көшіріңіз.
2. Windows 8 OS DVD дискісін салыңыз.
3. Компьютерді қайта іске қосып, операциялық жүйені орнату үшін Windows 8 операциялық
жүйесі ақпарат тасушысымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
4. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені
басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Операциялық жүйені орнатып болған соң:
1. Windows 8 операциялық жүйесі ақпарат тасушысын алып, Драйверді қалпына келтіру
ақпарат тасушысын салыңыз.
2. Алдымен құрылғыны іске қосу драйверлерін орнатып, сосын ұсынылған бағдарламаларды
орнатыңыз
.
38
5-тарау Windows 8 жүйесін орнату жəне қалпына келтіру