User's Guide

Windows 8 жаңартуларын қотару
Microsoft корпорациясы операциялық жүйе жаңартуларын шығаруы мүмкін. Компьютер
жұмысын оңтайлы күйде сақтау үшін HP компаниясы бастапқы орнату барысында жəне
компьютер жарамдылығының соңына дейін ең соңғы жаңартуларды кезеңді түрде тексеріп
отыруды ұсынады.
Компьютерді орнатқан со
ң бірден Windows жаңарту бағдарламасын іске қосыңыз.
1. Бастау экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң бұрышына жылжып, шебер түймелерді
көрсетіңіз.
2. Параметрлер > ДК параметрлерін өзгерту > Windows Update (Windows жаңарту
орталығы) опциясын таңдаңыз.
3. Windows жаңарту
орталығын ай сайын сəйкесінше іске қосып отырыңыз.
Windows 8 жүйесін қалпына келтіру жəне сақтық
көшірме жасау
Ақпаратты қорғау мақсатында жеке файлдар мен қалталардың, толық қатты дисктің сақтық
көшірмелерін жасау, жүйені түзету ақпарат тасушысын жасау немесе жүйені қалпына келтіру
нүктелерін жасау үшін Windows Backup and Restore мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жүйенің
зақымдалуы орын алғанда, компьютері
ңіздің файлдарын қалпына келтіру үшін сақтық көшіру
файлдарын пайдалануыңызға болады.
Бастау экранында restore (қалпына келтіру) деп жазып, Параметрлер түймесін басыңыз да,
көрсетілген опциялар тізімінен қажетін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Көптеген сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру опциялары туралы толық
нұсқаулар алу үшін, осы тақырыптарды Help and Support (Анықтама жəне қолдау) бөлімінен
іздеңіз. Бастау экранына h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама жəне қолдау параметрін
таңдаң
ыз.
Жүйе жұмысы тұрақсыз болған жағдайда, HP сізге қалпына келтіру процедураларын басып
шығарып, кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау
Жүйе зақымдалғаннан кейінгі қалпына келтірілген мəліметтер соңғы сақтық көшірме жасау
алдындағы күйінде болады. Бастапқы жүйелік параметрлерді орнатқаннан кейін дереу жүйені
қалпына келтіру ақпарат тасығышын жасауыңыз керек. Жаңа бағдарлама мен деректер
файлдарын қосқ
аннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені əдепкі
негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз тиіс. Жүйені қалпына келтіру ақпарат тасушысы
компьютерді іске қосу (жүктеу) жəне жүйе жұмысы тұрақсыз немесе ақаулық болғ
анда
операциялық жүйені түзету үшін пайдаланылады. Бастапқы жəне одан кейін жасалған сақтық
көшірмелер ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Бастау терезесіне backup (сақтық көшірме) деп жазып, Параметрлер түймесін басып, Save
backup copies of your files with File History
(Файлдар жұрналымен бірге файлдардың сақтық
көшірмелерін сақтау) опциясын таңдаңыз.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке немесе желі драйверіне
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
Windows 8 жүйесін қалпына келтіру жəне
сақтық көшірме жасау
35