User's Guide
5
Windows 8 жүйесін орнату жəне
қалпына келтіру
Бұл тарау Windows 8 операциялық жүйесін орнату жəне жаңарту туралы ақпарат береді. Ол
мына тақырыптарды қамтиды:
Тақырыптар
Қосымша ақпарат (34-бет)
Windows 8 жүйесін қалпына келтіру жəне сақтық
көшірме жасау (35-бет)
ЕСКЕРТПЕ: Операциялық жүйесін орнатқан соң, BIOS жүйесінің, драйверлердің жəне
бағдарламалардың ең соңғы нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз. Жұмыс станциясын жаңарту
туралы тарауды қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сəтті аяқталғанша компьютерге қосымша
құрылғыларды немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы
жəне операциялық жүйесінің дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
Қосымша ақпарат
Қосымша мəліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада қол жетімді
болады.
Windows 8 операциялық жүйесін орнату
Компьютерді бірінші рет іске қосқан кезде, операциялық жүйені теңшей аласыз. Интернетке
қосылған болсаңыз, Microsoft операциялық жүйеңізді іске қосады. Бұл процесс 15-30 минут
алуы мүмкін. Экрандағы нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Компьютерді HP жүйесіне тіркеуді ұсынамыз; осылайша маңызды
бағдарламалық құрал
жаңартуларын алуға, қолдау сұрақтарын оңайлатуға жəне арнайы ұсыныстарға жазылуға
болады. Компьютеріңізді HP торабында тіркеу үшін «Бастау» экранындағы Register with HP (HP
торабында тіркелу) опциясын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ: Бастапқы орнату процесі басталған соң, ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Бұл процесс барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан
бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде компьютер қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құрал орнату,
қызметтік бағдарламалар орнату немесе Windows параметрлерін қосу сияқты əрекеттерді
орындау үшін сіздің рұқсатыңыз немесе құпия сөзіңіз сұралуы м
үмкін. Қосымша ақпарат алу
үшін, Help and Support (Анықтама жəне қолдау) бөлімін қараңыз. Бастау экранына h əрпін
жазыңыз, одан кейін анықтама жəне қолдау параметрін таңдаңыз.
34
5-тарау Windows 8 жүйесін орнату жəне қалпына келтіру