User's Guide
HP қалпына келтіру дискі амалдық жүйе дискілерін қолдану
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін пайдалану қатты дискідегі файлдарды
толығымен жояды жəне қатты дискінің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған жəне
кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына
келтіру процесі амалдық жүйені, сонымен
қатар түпнұсқа драйверлерді қалпына келтіруге
көмектеседі. Жүйемен берілген бағдарламалық құралды
http://www.hp.com мекенжайынан
жүктеуге болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD жəне драйвер DVD дискілеріне тапсырыс берсеңіз, осы
бөлімде берілген қадамдарды пайдаланыңыз.
Windows 7 амалдық жйүесінің DVD-і мен драйвер DVD-не тапсырыс беру үшін, HP веб-сайтын
қараңыз. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз:
http://www.hp.com/cgi-bin/hpsupport/
index.pl. Əлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-
hp/ww-contact-us.html. DVD дискісіне телефон арқылы да тапсырыс беруге болады.
Қалпына келтіруді Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі арқылы бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру бірнеше минут алады.
1. Барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жұмыс бекетін қайта бастаңыз, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін оптикалық
драйвқа салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер жұмыс бекеті DVD дискін ашпаса, жұмыс бекетін қайта бастап, жұмыс
бекеті қосылып жатқанда, Esc пəрменін басыңыз. Іске қосу мəзірін таңдау үшін көрсеткі
пернелерін пайдаланып, еnter пернесін басыңыз. Сол құралдан қосу үшін, қалпына келтіру
DVD дискі салынған
жерді көрсеткі пернелерін пайдаланып таңдаңыз. DVD дискін UEFI
қосу көздері арқылы ашу нəтижесінде GPT қосу бөлігі пайда болады. Мирастық қосу
көздері арлықы ашу нəтижесінде MBR қосу бөлігі пайда болады.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Операциялық жүйені орнату аяқталған соң:
1. Windows 7 операциялық жүйесінің DVD дискісін шығарып алыңыз жəне жүйе операциялық
жүйесіне бірінші рет ж
үктелген кезде драйвердің DVD дискісін салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Драйвер DVD дискісі шартты бағдарламаны жүктейді, содан кейін
драйверлерді жүктеу мүмкіндігін ұсынады.
2. Құрылғыны қосатын драйверлерді орнатыңыз. HP қол жетімді драйверлердің барлығын
орнатуға кеңес береді.
3. Жұмыс бекетімен берілген қолданбаларды
http://www.hp.com мекенжайынан жүктей
аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру құралын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін “HP Z420,
Z620 жəне Z820 үлгілеріндегі Windows 7 операциялық жүйесін қалпына келтіру: HP ОЖ DVD
дискісін жəне драйвердің DVD дискісін пайдалану” құжатын қараңыз. Бұл құжатты
http://www.hp.com/support ішінде табуға болады.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне Windows 7 жүйесін жөндеу
33