User's Guide
Жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Бұл процедурада барлық пайдаланушы мəліметтері жойылады. Мəлімет
жоғалуының алдын алу үшін, барлық пайдаланушы мəліметтерінің сақтық көшірмелерін
міндетті түрде жасаңыз, осылайша оларды жүйе қалпына келген соң орнына қоясыз.
Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында ə
рқашан қатеден кейін жүйені
қалпына келтіру процедурасын орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру (31-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл
кезде жасалған барлық деректер файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе,
бағдарламалар мен драйверлер қайта орнатылады. Бірақ, жұмыс бекетінде өндіруші
орнатпаған барлық бағдарламаларды қайта орнату керек
. Бұған жұмыс бекетімен бірге
берілетін ақпарат тасушылардағы бағдарламалар жəне орнатылған барлық бағдарламалар
кіреді.
Қолдау көрсету қызметінен қалпына келтіру құралына тапсырыс беруіңізге болады. АҚШ-та
көмек алу үшін мына сайтты қараңыз:
http://www.hp.com/support. Əлем бойынша көмек алу үшін,
мына сайтты қараңыз:
http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/ww-contact-us.html. Қалпына келтіру
құралына телефон арқылы да тапсырыс бере аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде
кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Жүйені қалпына келтіруді орындау үшін келесі əдістердің бірін таңдауға болады:
●
Қалпына келтіру кескіні – қатты дискіде сақталған қалпына келтіру кескінінен Жүйені
қалпына келтіру бағдарламасын іске қосыңыз. Қалпына келтіру кескіні – бұл өндіруші
компьютерге орнатқан бастапқы бағдарламаларды
ң көшірмесі бар файл. Жүйені қалпына
келтіру бейнесінен қалпына келтіру үшін,
Қалпына келтіру бөлігінің кескіні арқылы жүйені
жөндеу (32-бет) бөлімін қараңыз.
●
Қалпына келтіру — Бөлек сатып алынған қалпына келтіру құралынан жүйе қалпына
келтіруді іске қосыңыз.
Қалпына келтіру бөлігінің кескіні арқылы жүйені жөндеу
ЕСКЕРТУ: Жүйені жөндеу жасалған немесе орнатылған барлық деректерді жəне
бағдарламаларды жояды.
Windows жүйесі HP зауытынан жіберілгенде, қалпына келтіру бөлшегі қоса жіберіледі. Жөндеу
бөлшегін зауыттық амалдық жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады.
1. Жұмыс бекетін өшіріңіз. Қажет болса, қуат түймесін жұмыс бекеті өшкенше басып
тұрыңыз.
2. Жұ
мыс бекетінен монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Жұмыс бекетін қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
4. HP логотипі бар экран пайда болғанда пернетақтадағы F11 пернесін экранда
Windows
загружает файлы
...
хабары пайда болғанша қайта-қайта басыңыз.
5. HP қалпына келтіру бөлшегі менеджері экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Windows жүктелген кезде, жұмыс бекеті жұмысын аяқтап, барлық перифериялық
құрылғыларды қайта жалғап, жұмыс бекетін қайта іске қосың
ыз.
32
4-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне Windows 7 жүйесін жөндеу