User's Guide

4
Орнату, сақтық көшірме жасау,
қалпына келтіру жəне Windows 7
жүйесін жөндеу
Бұл тарау Windows 7 операциялық жүйесін орнату жəне жаңарту туралы ақпарат береді. Ол
мына тақырыптарды қамтиды:
Windows 7 операциялық жүйесін орнату
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне Windows 7 жүйесін жөндеу
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сəтті аяқталғанша компьютерге қосымша
құрылғыларды немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы
жəне операциялық жүйесінің дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекетіне амалдық жүйені орнатқан соң, BIOS жүйесінің, драйверлердің
жəне бағдарламалардың ең соңғы нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз.
Жұмыс станциясын
жаңарту (44-бет) бөлімін қараңыз.
Windows 7 операциялық жүйесін орнату
ЕСКЕРТУ: Орнату басталған соң, үрдіс аяқталғанша жұмыс станциясын өшірмеңіз. Орнату
кезінде жұмыс станциясын өшіріп тастасаңыз, орнату үрдісіне кедергі келтіруі жəне жұмыс
жүйесіне зақым келуі мүмкін.
Орнату жəне конфигурациялау нұсқауларын мына веб-тораптан қараңыз:
http://windows.microsoft.com/en-US/windows7/help. Қосымша мəліметтер амалдық жүйені сəтті
орнатқаннан кейін Windows 7 желі арқылы көмек қызметі арқылы қол жетімді болады.
Құрылғы драйверлерін орнату
Құрылғыларды орнатпас бұрын қажетті құрылғы драйверлерін орнатып алыңыз. Құрылғымен
жабдықталған орнату нұсқауларын орындаңыз. Жұмысы сапалы болу үшін, операциялық
жүйесінде ең соңғы жаңартулар, патчтар, жəне қызмет бумалары болуы тиіс. HP сəйкес
монитор драйверлері үшін
http://www.hp.com қараңыз. Драйверлер мен бағдарламаларды
жаңарту ақпаратын мына жерден қараңыз:
Жұмыс станциясын жаңарту (44-бет)
Файлдар мен параметрлерді тасымалдау
Windows операциялық жүйесі дерек көшіру аспаптарын ұсынады, олардың көмегімен
файлдарды бір Windows негізіндегі жұмыс бекетінен екіншісіне аударуға болады.
Бұл құралдар туралы ақпаратты мына веб-тораптан қараңыз:
http://www.microsoft.com.
Windows 7 операциялық жүйесін орнату
29