product management

HP қызметтік бағдарламасынан басып шығару механизмін тазалау не туралау немесе қағаз дақтарын кетіру
(OS X)
1. HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP утилитасы (OS X) бөлімін
қараңыз.
2. Ақпарат және қолдау бөлімінен қажетті параметрді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қағаз кептелістерін жою
Кейде, тапсырмасын орындау барысныда қағаз кептеліп қалады.
ЕСКЕРТУ: Бастиекке келетін ықтимал зақымның алдын алу үшін қағаз кептелісін мүмкіндігінше
жылдам тазалаңыз.
Қағаз кептелісін тазалау
ЕСКЕРТУ: Кептелісті тазалау үшін кептелген қағазды принтердің алдыңғы жағынан алмаңыз, оның
орнына төмендегі қадамдарды орындаңыз. Принтердің алдынан кептелген қағазды тартсаңыз,
қағаздың жыртылып, жартысы принтердің ішінде қалып қоюы мүмкін; кейін бұл қайта кептеліс
тудыруы мүмкін.
1. Сия картриджіне кіру есігін ашыңыз.
2. Принтердің ішіндегі қағаздың жолын тексеріңіз.
а. Қағаз жолының қақпағындағы тұтқаны көтеріп, қақпақты алыңыз.
KKWW Қағаз кептелістерін жою 77