product management

Сынақ сәтсіз орындалса, ақауды жою әдісі туралы ақпараттың есебін қарап шығып, сынақты
қайта жүргіңіз.
4. Сымсыз байланыстың дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру үшін сымсыз байланыс сынағын
іске қосыңыз.
а. Принтердің қосылып тұрғанын және науаға қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
ә. Принтердің басқару тақтасында желіні конфигурациялау беті мен сымсыз желінің сынақ
есебін басып шығару үшін ( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге
басыңыз.
Сынақ сәтсіз орындалса, ақауды жою әдісі туралы ақпараттың есебін қарап шығып, сынақты
қайта жүргіңіз.
5. Сымсыз желі компоненттерін қайта іске қосыңыз.
а. Маршрутизатор мен принтерді өшіріңіз.
ә. Мынадай ретпен маршрутизаторды және принтерді қайта іске қосыңыз: алдымен
маршрутизатор, одан кейін принтер.
Кейде құрылғыны өшіріп, қайта қосу желі байланысының мәселелерін шешуге көмектеседі. Әлі
де қосылу мүмкін болмаса, маршрутизаторды, принтерді және компьютерді өшіріп, мына ретпен
кері қосыңыз: алдымен маршрутизатор, кейін принтер және соңында компьютер.
Осы ақауды жою құралын принтерді желіде немесе бұрын желіде болып, қазір желіде
болмаған кезде пайдалану үшін қолданыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы
жерді басыңыз. Бұл уақытта осы веб-сайт барлық тілде қол жетімді болмауы мүмкін.
Егер проблема жойылмаса, HP сымсыз басып шығару орталығына ( www.hp.com/go/wirelessprinting )
хабарласыңыз. (Бұл уақытта осы веб-сайт барлық тілде қол жетімді болмауы мүмкін). Веб-сайтта
принтерді сымсыз желіде орнату және пайдалану, сондай-ақ сымсыз байланыстағыжәне қауіпсіздік
бағдарламалық құралдағы ақауларды шешу туралы соңғы ақпараттар бар.
Егер сымсыз байланысқа қосылу мүмкін болмаса, принтерді желіге Ethernet кабелі арқылы қосуға
болады.
Принтерге күтім жасау
Бөлім принтерді жоғарғы жұмыс істеу жағдайында ұстайтын нұсқауларды береді. Осы күтім көрсету
іс-рәсімдерін қажет болғанда орындаңыз.
Сыртқы бөлікті тазарту
Басып шығару механизмі мен сия картридждеріне күтім жасау
Сыртқы бөлікті тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Принтерді тазаламас бұрын оны ( Қуат түймесі) түймесін басып өшіріп, электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
Шаңды, дақтарды және корпусындағы іздерді сүрту үшін жұмсақ, дымқыл, мамықсыз матаны
пайдаланыңыз. Принтердің ішкі бөлігінен, сондай-ақ, принтердің басқару тақтасынан сұйықтықты
алшақ ұстаңыз.
KKWW Принтерге күтім жасау 75