product management
5. Сипаттар диалогтық терезесін ашатын түймені басу арқылы басып шығару параметрлерін
тексеріңіз. (Бағдарламалық құралға байланысты бұл түйме Сипаттар, Опциялар, Принтерді
орнату, Принтер сипаттары, Принтер немесе Параметрлер деп аталуы мүмкін.)
●
Түс параметрлерінің дұрыс-дұрыс еместігін көру үшін басып шығару параметрлерін
тексеріңіз.
Мысалы, құжат үшін сұр түс реңкінде басып шығару орнатылғанын тексеріңіз. Не болмаса,
қанықтық, жарықтың немесе түс өңі сияқты қосымша түс параметрлері түстердің көрінуін
өзгерту үшін орнатылғанын тексеріңіз.
●
Басып шығару сапасы параметрлерін тексеріңіз және оның принтерге жүктелген қағаз
түрімен сәйкес екенін тексеріңіз
.
Егер түстер бір-бірімен бірігіп кететін болса, төмен басып шығару сапасы параметрін
таңдауыңыз керек болуы мүмкін. Не болмаса, жоғары сапалы фотосурет басып шығарып
жатсаңыз жоғарырақ параметрді таңдаңыз және кіріс науасына HP жетілдірілген фотосурет
қағазы сияқты фотосурет қағазы жүктелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер экрандарында түстер қағазға басып шығарылғаннан басқаша
көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда принтерде, басып шығару параметрлерінде немесе сия
картридждерінде еш ақау жоқ. Әрі қарай жою қажет ақаулар жоқ.
6. Басып шығару сапасы есебін басып шығарыңыз және оны бағалаңыз. Осы есепті басып шығару
үшін Басып шығару сапасын диагностикалау есебі бөлімін қараңыз.
Басып шығару сапасына қатысты ақауларды жою үшін осы құжатты пайдаланыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз. Бұл уақытта осы веб-сайт барлық тілде
қолжетімді болмауы мүмкін.
HP ePrint бағдарламасын пайдаланып ақауларды шешу
HP ePrint қызметін пайдалану кезінде ақаулар пайда болса, келесі әрекеттерді тексеріңіз:
●
Принтердің интернетке сымсыз байланыс немесе Ethernet арқылы жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер USB кабелі арқылы қосылған болса, осы веб-мүмкіндіктерді қолдана
алмайсыз.
●
Принтерде принтердің соңғы жаңартулары орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Принтерді жаңарту бөлімін қараңыз.
●
HP ePrint мүмкіндігі ендірілген веб-серверге (EWS) қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін HP ePrint қызметін орнату бөлімін қараңыз.
●
Желі хабы, қосқышы немесе маршрутизаторы қосылғанын және олардың дұрыс жұмыс істейтінін
тексеріңіз.
●
Егер принтерді Ethernet кабелімен қосатын болсаңыз, принтерді желіге қосу үшін
принтерді телефон сымы немесе айқас кабель арқылы қосылмағанына және Ethernet кабелінің
принтерге қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Жалпы желі ақаулықтарын
шешу бөлімін қараңыз.
●
Егер принтерді сымсыз байланыс көмегімен қосатын болсаңыз, сымсыз желінің сәйкесінше жұмыс
істейтінін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерді сымсыз қосу мүмкін емес бөлімін
қараңыз.
●
HP ePrint қызметін қолданатын болсаңыз, келесі әрекеттерді тексеріңіз:
72 8-тарау Мәселені шешу KKWW










