product management

ЕСКЕРТПЕ: HP корпорациясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP корпорациясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Егер HP корпорациясы шығарған сия картридждерін сатып алғаныңызға сенімді болсаңыз, мына
веб-сайтқа өтіңіз:
www.hp.com/go/anticounterfeit
2. Сия деңгейлерін тексеріңіз. Сия картридждерінде сия жеткіліксіз болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Сия деңгейінің төмендігі туралы ескертуді алған кезде ықтимал басып
шығару кідірістерін болдырмау үшін қосымша картридж болған жөн. Басып шығару сапасы
жарамсыз болмайынша сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТУ: Принтерден шығарып алынған сия картридждері бүлінбей тұрғанда принтер реттеліп,
пайдалануға дайын болғаннан кейін басып шығару механизмі үшін барлық уақытта барлық
картридждер орнатылған болуы тиіс. Ұзақ мерзімге бір немесе бірнеше картридж саңылауларын
бос қалдырудан баспа сапасында ақаулар туындап, басып шығару механизміне зиян келуі
мүмкін. Жақында картриджді принтерден ұзақ мерзімге шығарып тастаған болсаңыз немесе
соңғы рет қағаз кептелісі орын алған болса және баспа сапасының нашар екенін байқасаңыз,
басып шығару механизмін тазалаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару механизмі мен
сия картридждеріне күтім жасау бөлімін қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін тексеру бөлімін қараңыз.
3. Кіріс науасына салынған қағазды тексеріңіз. Қағаздың дұрыс салынғанын және бүктеліп
қалмағанын немесе тым қалың еместігін тексеріңіз.
Басып шығарылатын бетін төмен қаратып қағазды салыңыз. Мысалы, жылтыр фотосурет
қағазын жүктегелі отырсаңыз, жылтыр бетін төмен қаратып салыңыз.
Қағаздың кіріс науасына тегіс, мыжылмай салынғанын тексеріңіз. Басып шығарылып
жатқанда қағаз басып шығару механизміне тым жақын орналасса, сия жайылып кетуі
мүмкін. Бұл қағаз көтеріліп, мыжылып немесе пошта хатқалтасы сияқты тым қалың болған
жағдайдан болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
4. Қағаз түрін тексеріңіз.
HP компаниясы өздері шығарған қағазды немесе принтерге сәйкес келетін ColorLok технологиясы
бар басқа қағаз түрін пайдалануға кеңес береді. ColorLok ені бар барлық қағаздар басып шығару
сапасының және сенімділіктің жоғары стандарттарына сәйкес болу үшін, құжаттарды анық,
ашық түсте, мөлдір қара түстерде басып шығару үшін және бастапқы қарапайым қағаздармен
салыстырғанда жылдам кептіру үшін тәуелсіз сынақтан өткізілген. Қосымша ақпарат алу үшін
Қағаз негіздері бөлімін қараңыз.
Әрқашан басып шығарып жатқан қағаздың тегіс екенін тексеріңіз. Суреттерді басып шығарғанда
жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін HP жетілдірілген фотосурет қағазын пайдаланыңыз.
Арнайы медиа құралын өз бумасында, жабық полиэтилен қалтасының ішінде салқын, құрғақ,
тегіс жерде сақтаңыз. Басып шығаруға дайын болғанда пайдалануды жоспарлаған қағазды ғана
жылдам шығарып алыңыз. Басып шығаруды аяқтағанда қолданылмаған фотосурет қағазын
полиэтилен қалтасына салып қойыңыз. Бұл фотосурет қағазының шиыршықталып қалмауына
мүмкіндік береді.
KKWW Принтер ақауларын шешу 71