product management

Қағаз науаға салынғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін
қараңыз. Қағазды салмас бұрын қағып алыңыз.
Қағаз енін бағыттауыштарын салып жатқан қағаз өлшемі үшін науадағы дұрыс белгіге
орнатыңыз. Қағаз бағыттауыштарының жиынтық үшін ыңғайлы, бірақ нығыз еместігін
тексеріңіз.
Науадағы қағаздың бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың бұралған жағын қарсы
бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
Қағаз дестесі кіріс науасының төменгі бөлігіндегі тиісті қағаз өлшеміне арналған
сызықтармен тураланғанын және науаның қапталындағы десте биіктігінің белгісінен
аспайтындығын тексеріңіз
.
Беттер жылжып кеткен
Кіріс науасына салынған қағаздың қағаз енін бағыттауыштарына реттелгенін тексеріңіз.
Қажет болғанда, принтерден кіріс науасын шығарып алыңыз да, қағаз бағыттауыштарының
дұрыс реттелгенін тексере отырып, қағазды дұрыс қайта салыңыз.
Қағазды принтерде басып шығару процесі жүріп жатпағанда салыңыз.
Бірнеше бет алынып жатыр
Қағаз енін бағыттауыштарын салып жатқан қағаз өлшемі үшін науадағы дұрыс белгіге
орнатыңыз. Қағаз енін бағыттауыштарының жиынтық үшін ыңғайлы, бірақ нығыз еместігін
тексеріңіз.
Науаға тым көп қағаз жүктелмегенін тексеріңіз.
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
Принтер ақауларын шешу
КЕҢЕС: (Windows) Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін
HP Print and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
Принтер жауап бермейді (ештеңе басып шығарылмайды)
Басып шығару кезегінде тұрып қалған басып шығару жұмыстары бар
Басып шығару кезегін ашып, барлық құжаттардан бас тартып, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Компьютер қайта іске қосылғаннан кейін басып шығару әрекетін қайталаңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін операциялық жүйеге арналған Анықтама жүйесінен қараңыз.
HP бағдарламалық құралы орнатылымын тексеру
Басып шығарып жатқанда принтер өшіп қалса, компьютер экранында ескерту хабарламасы
пайда болады; әйтпесе, принтер ұсынған HP бағдарламалық құралы дұрыс орнатылмаған болуы
мүмкін. Мұның шешімін табу үшін HP бағдарламалық құралын толығымен жойып, HP
бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
Кабель қосылымдарын тексеру
USB кабелінің немесе Ethernet кабелінің екі ұшы да қауіпсіз екенін тексеріңіз.
Принтер желіге жалғанған болса, мынаны тексеріңіз:
Принтердің артқы жағындағы Байланыс шамын тексеріңіз.
Принтерге жалғау үшін телефон сымын пайдаланбағаныңызды тексеріңіз.
KKWW Принтер ақауларын шешу 69