product management

3. Егер 2-ші сынақ үлгіде түсті блоктардың кез келгенімен қатар ақ сызықтарды көрсеңіз, басып
шығару механизмін тазалаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару механизмі мен сия
картридждеріне күтім жасау бөлімін қараңыз.
4. 3-ші сынақ үлгісінен ақ немесе қара сызықтар көрінсе, басып шығару механизмін туралаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару механизмі мен сия картридждеріне күтім жасау бөлімін
қараңыз.
5. Егер алдыңғы қадамдардың ешбірі көмектеспесе, басып шығару механизмін ауыстыру үшін HP
қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
Сымсыз байланысты тексеру есебі
Принтердің сымсыз байланысы туралы ақпаратты алу үшін сымсыз байланыстың сынақ есебін басып
шығарыңыз. Сымсыз байланыстың сынақ есебі принтердің күйі, аппараттық құрал (MAC) мекенжайы
және IP мекенжайы туралы мәліметтерді береді. Принтер желіге қосылған болса, сынақ беті желі
параметрлері туралы мәліметтерді көрсетеді.
Сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару
Желіні конфигурациялау бетін және сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару үшін
( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге басыңыз.
Принтер ақауларын шешу
КЕҢЕС: (Windows) Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін
HP Print and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
Принтер кенеттен жұмыс істемей қалды
Қуат пен қуат байланыстарын тексеріңіз.
Принтердің қуат сымы жұмыс істеп тұрған розеткаға берік қосылғанын тексеріңіз.
Басып шығару механизмін туралау сәтсіздіктері
Егер туралау процесі орындалмаса, қолданылмаған қарапайым ақ қағазды кіріс науасына
жүктегеніңізді тексеріңіз. Егер сия картридждерін туралау кезінде кіріс науасында түсті қағаз
салынған болса, туралау сәтсіз болады.
Егер туралау процесі қайта-қайта сәтсіз болса, басып шығару механизмін тазарту керек, әйтпесе
датчикте ақау болуы мүмкін. Басып шығару механизмін тазалау үшін Басып шығару механизмі
мен сия картридждеріне күтім жасау бөлімін қараңыз.
Егер басып шығару механизмін тазалау ақауды шешпесе, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
www.hp.com/support сайтына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге
көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты
таңдаңыз да, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық
HP контактілері түймесін басыңыз.
Қағаз беру ақаулары
Қағаз науадан алынбайды
68 8-тарау Мәселені шешу KKWW