product management
шығару керек-жарақтары немесе дуплексор) және науалар мен керек-жарақтардан басып
шығарылған беттер санын көрсетеді.
2. Басып шығаруды пайдалану туралы ақпарат: Принтерден басып шығарылған беттер туралы
жиынтық ақпаратты көрсетеді.
3. Сияны жеткізу жүйесінің мәліметтері: Анықталған сия деңгейлері (өлшемдер сияқты сызба
пішімінде беріледі) мен сия картридждеріне арналған бөліктердің нөмірлерін және кепілдіктің
аяқталу күндерін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде
ықтимал басып шығару кідірістерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын
қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті
жоқ.
4. Қосымша көмек: Принтер туралы қосымша ақпарат алуға болатын орындар туралы ақпаратты
ұсынады.
Желіні конфигурациялау беті
Принтер желіге қосылған болса, принтерге арналған желі параметрлерін қарап шығу үшін желіні
конфигурациялау бетін басып шығаруға болады. Желіге қосылу ақауларын жоюға көмектесетін желіні
конфигурациялау бетін пайдалануға болады. HP корпорациясына қоңырау шалу қажет болса,
қоңырау шалмас бұрын принтердің күй есебін басып шығару жиі пайдалы болады.
Желіні конфигурациялау беті мен сымсыз желіні тексеру туралы есепті басып шығару
▲
Желіні конфигурациялау бетін және сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару үшін
( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге басыңыз.
62 8-тарау Мәселені шешу KKWW










