product management

Қолдау процесі
Электрондық қолдау қызметін алу
HP корпорациясының телефонмен қолдау қызметі
Принтерді тіркеу
Тіркелу үшін бірнеше минут жұмсау арқылы жылдамырақ қызметтен, тиімділіктен және өнімге қолдау
көрсететін ескертулерден рахат алуыңыз мүмкін. Бағдарламалық құралды орнату кезінде принтерді
тіркемеген болсаңыз, кейінірек оны http://www.register.hp.com веб-сайтында тіркеуге болады
Қолдау процесі
Егер ақаулық туындаса, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Принтермен бірге берілген құжатты тексеріңіз.
2. HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-сайтына www.hp.com/support мекенжайы
бойынша өтіңіз.
HP компаниясының онлайн қолдау қызметі барлық HP өнімін тұтынушылар үшін қол жетімді. Бұл
принтер туралы соңғы ақпарат және маман көмегін алу үшін жылдам көз болып табылады және
мына мүмкіндіктерді қамтиды:
Білікті желідегі қолдау қызметі мамандарымен жылдам хабарласу
Принтерге арналған бағдарламалық жасақтама мен драйвер жаңартулары
Жалпы ақаулықтарға арналған ақаулықтарды жою туралы құнды ақпарат
Белсенді принтер жаңартулары, қолдау көрсету ескертулері және принтерді тіркеген кезде
қол жетімді болатын HP жаңалықтары
3. HP қолдау қызметіне телефон шалыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP корпорациясының
телефонмен қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
Қолдау көрсету мүмкіндіктері мен олардың болу-болмауы принтер, ел/аймақ және тіл бойынша
әр түрлі болады.
Электрондық қолдау қызметін алу
Қолдау көрсету және кепілдік туралы ақпаратты HP компаниясының www.hp.com/support веб-
сайтынан таба аласыз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақаулықтарын түзетуге көмектесе алатын
ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Сұралған жағдайда елді/аймақты таңдаңыз да,
техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық HP контактілері
түймесін басыңыз.
Бұл веб-сайт техникалық қолдау, драйверлер, бөліктер, тапсырыс беру туралы ақпарат пен мынадай
басқа да мүмкіндіктерді ұсынады:
Онлайн қолдау көрсету беттеріне кіру.
Сұрақтардың жауабын алу үшін HP корпорациясына электрондық пошта хабарламасын жіберу.
Интернет чатын пайдаланып HP техникалық маманымен байланысу.
HP бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеру.
Жалпы басып шығару ақаулықтарының оңай әрі қадамдық шешімдерін беретін Windows немесе OS X
жүйесіне арналған HP бағдарламалық құралынан қолдау алуға да болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Принтердің басқару құралдары бөлімін қараңыз.
KKWW HP қолдау қызметі 59