product management
HP сымсыз байланысы арқылы енгізілген веб-серверді ашу
1.
HP сымсыз байланысы шамы өшірулі тұрса, оны қосу үшін ( HP сымсыз байланысы ) түймесін
басыңыз.
2. Сымсыз компьютерден сымсыз байланысты қосып іздеңіз және HP сымсыз байланысы атауына
қосылыңыз. Егер HP сымсыз байланысы қауіпсіздігі қосулы босла, нұсқау берілгенде HP сымсыз
байланысы құпиясөзін енгізіңіз.
3. Компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышқа келесі мекенжайды енгізіңіз: http://
192.168.223.1
.
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
Желі параметрлерін тексеру
●
Принтерді желіге қосу үшін телефон сымы немесе айқасқан кабель пайдаланылмағанын
тексеріңіз.
●
Желі кабелінің принтерге қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз.
●
Желі хабы, қосқышы немесе жол жоспарлағышы қосылғанын және олардың дұрыс жұмыс
істейтінін тексеріңіз.
Компьютерді тексеру
●
Қолданылатын компьютердің желіге қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген веб-серверді (EWS) пайдалану үшін принтердің желіге қосулы болуы қажет.
Принтер компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, енгізілген веб-серверді қолдана алмайсыз.
Веб-шолғышты тексеру
●
Веб-браузердің жүйе талаптарының ең азына сәйкес келетінін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін HP принтері бағдарламалық құралының ықшам дискісінде болатын принтердің «Readme»
файлындағы жүйе талаптарын қараңыз.
●
Веб-шолғыш Интернетке қосылу үшін кез келген прокси параметрлерін қолданатын болса, осы
параметрлерді өшіріп көріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін веб-шолғышпен бірге берілген
құжаттан қараңыз.
●
JavaScript және cookie файлдарының веб-шолғышқа қосылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат
алу үшін веб-шолғышпен бірге берілген құжаттан қараңыз.
Принтердің IP мекенжайын тексеру
●
Принтердің IP мекенжайын тексеру үшін желіні конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Желіні
конфигурациялау бетін басып шығару үшін ( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін
бірге басып шығарыңыз.
●
Пәрмен жолағынан (Windows) немесе желі қызметтік бағдарламаларынан (OS X) IP мекенжайы
арқылы принтерді тексеріңіз.
KKWW Енгізілген веб-сервер (EWS) 57










