product management
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Принтер желіге қосылған кезде, күй туралы ақпаратты көру, параметрлерді өзгерту және оны
компьютерден басқару үшін принтердің енгізілген веб-серверін (EWS) пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір параметрлерді қарап шығу немесе өзгерту үшін, сізге құпия сөз қажет болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Интернетке байланыс болмаса да, енгізілген веб-серверді ашуға және пайдалануға
болады. Дегенмен, кейбір мүмкіндіктер қолданыста болмайды.
●
«Сookie» файлдары туралы
●
Енгізілген веб-серверді ашу
●
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
«Сookie» файлдары туралы
Енгізілген веб-сервер шолуды орындап жатқан кезде қатты дискіге өте кішкентай мәтін файлдарын
(cookie) орналастырады. Осы файлдар келесіде кіргенде ендірілген веб-сервердің компьютерді
тануына мүмкіндік береді. Мысалы, енгізілген веб-сервердің тілін теңшеген болсаңыз, «cookie»
файлдары келесі рет енгізілген веб-серверге кіргенде, беттер сол тілде көрсетілуі үшін таңдалған тілді
есте сақтауға көмектеседі. Кейбір «cookie» файлдарын (мысалы, тұтынушы белгілеген
параметрлермен сақталатын «cookie» файлдары) қолмен жоймайынша компьютерде сақталады.
Шолғышты барлық «cookie» файлдарын қабылдау үшін теңшейтін етіп немесе қайсы «cookie»
файлдарын қабылдау немесе қабылдамау қажеттігін шешуге мүмкіндік беретін, әрбір «cookie» файлы
ұсынылған кезде ескертілетін етіп теңшеуге болады. Қажетсіз «cookie» файлдарын жою үшін
шолғышты да пайдалануға болады.
Принтерге байланысты «cookie» файлдарын ажырататын болсаңыз, келесі мүмкіндіктердің бірін
немесе бірнешеуін ажыратуға болады:
●
Кейбір орнату шеберлерін пайдалану
●
Ендірілген веб-сервер шолғышы тілінің параметрін есте сақтау
●
EWS Главная (Басты) бетін жекелеу
Құпиялылықты және «cookie» файлының параметрлерін өзгерту әдісі және «cookie» файлдарын қарап
шығу немесе жою жолы туралы қосымша ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттамадан
қараңыз.
Енгізілген веб-серверді ашу
Желі немесе HP сымсыз тікелей байланысы арқылы енгізілген веб-серверге кіре аласыз.
Желі арқылы енгізілген веб-серверді ашу
1. Желі конфигурациясы бетінен принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын табыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Желіні конфигурациялау беті бөлімін қараңыз.
2. Компьютердегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышта принтерге тағайындалған IP мекенжайды
немесе торап атауын енгізіңіз.
Мысалы, IP мекенжайы 123.123.123.123 болса, келесі мекенжайды веб-шолғышқа енгізіңіз:
http://123.123.123.123.
56 7-тарау Принтердің басқару құралдары KKWW










