product management
7 Принтердің басқару құралдары
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Құралдар жиыны (Windows)
●
HP утилитасы (OS X)
●
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Құралдар жиыны (Windows)
Құралдар жинағы принтерге күтім көрсету туралы мәліметтерді береді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер жүйе талаптарына сай келетін болса, құралдар жинағын HP бағдарламалық
құрал ықшам дискісінен орнатуға болады. Жүйе талаптарын принтермен бірге берілетін НР
принтерінің бағдарламалық құралына арналған ықшам дискіде бар «Readme» файлынан табуға
болады.
Құралдар жинағын ашу
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
2. Басып шығару түймесін басыңыз.
3. Принтерге күтім жасау түймесін басыңыз.
HP утилитасы (OS X)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін теңшейтін, принтерді теңшейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын және веб-тораптың қолдау көрсететін мәліметтерін табатын
құралдарды қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: НР қызметтік бағдарламаларында қол жетімді мүмкіндіктер таңдалған принтерге
байланысты әртүрлі болады.
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды береді.
Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде ықтимал басып шығару кідірістерін
болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын қарастырыңыз. Басып шығару сапасы ұнамсыз
болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
Қатты дискінің жоғарғы деңгейіндегі Бағдарламалар қалтасының Hewlett-Packard қалтасында
орналасқан HP утилитасын екі рет басыңыз.
KKWW Құралдар жиыны (Windows) 55










