product management

Cымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі HP сымсыз байланысы мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, HP сымсыз байланысы
мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Oicejet Pro XXXX
ретінде көрсетілген сызмсыз желілердің тізімінен HP сымсыз байланысы атауын таңдаңыз (**
белгісі - принтерді анықтайтын бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер
моделі).
Егер HP сымсыз байланысы мүмкіндігі қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған кезде
құпия сөзді енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі HP сымсыз байланысы мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, HP сымсыз байланысы
мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Oicejet Pro XXXX ретінде
көрсетілген сызмсыз желілердің тізімінен HP сымсыз байланысы атауын таңдаңыз (** белгісі -
принтерді анықтайтын бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер моделі).
Егер HP сымсыз байланысы мүмкіндігі қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған кезде
құпия сөзді енгізіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP HP сымсыз
байланысы қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
KKWW HP сымсыз тікелей байланысын пайдалану 53